Семей қалалық Абай кітапханасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен және Ғұламалар кеңесінің бекітуімен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы қатысқан дөңгелек үстелде ас беруде ысырапқа жол бермеу, жерлеу рәсімдеріне қатысты жоралғыларды бірізділендіру мәселелері талқыланды.
Жиынға қатысқан Семей қаласының зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар, алқа мүшелері «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы жайлы ойларын ортаға салды. Кітапта қазіргі қоғамда көп талқыланып жүрген "қабір басына кесене тұрғызып, белгі қою", "мұсылман зиратының талаптары мен қағидалары", "діни жоралғыларды бір жүйеге келтіру" сынды мәселлердің қамтылғандығына оң пікірлерін білдірді.
Өкіл имам өз сөзінде «Бұл кітап Ғұламалар кеңесінде 2 жыл қаралып, дайындалды. Кітапта жаназаға қатысты үкімдер топтастырылды. Қайтыс болған кісіні жерлеу, құдайы ас пен садақа берудің әдебі жан-жақты қамтылды. «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабын шығарудағы негізгі мақсат – еліміз бойынша діни рәсімдерді бір ізге келтіру, ысырапқа, шариғатқа қайшы әдеттерге жол бермеу" екендігін бас айтты. Кітапхана қорына «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының бірнеше данасын сыйға тартты.
Дөңгелек үстел барысында журналистер мен зиялы қауым өкілдері өз ұсыныстарын айтып, оң пікірлерін білдірді.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Семей өкілдігі
www.muftyat.kz
14.06.2017
4010
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру