
Рамазан - Құран айы. Қасиетті айда Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Жәбірейіл ғәләйһиссаламға Құранды бастан-аяқ жатқа оқып тапсыратын болған екен. Тіпті, өмірінің соңындағы Рамазан айында Расулулла (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болcын) уаxи періштесіне Құранды екі рет толық жатқа тапсырған екен. Сондықтан Рамазан айында Құранды көп оқу, жаттаған Құран сүрелерін жиі қайталап ұстазға тапсыру, жаттауын пысықтап иін қандыру - Алланың ақырғы Елшісінің (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) асыл өнегесі.
Қасиетті Рамазан айына орай, мешіт шәкірттерінің арасында тұңғыш рет өтіп жатқан иләһи шара "Бір пара" және "Жарты пара" аталымдары бойынша өткізілді.
Шара аясында мешіттің тұрақты шәкірттері, имамдардың жеке құрамдағы шәкірттері, "Имани жаз-2017" сауат ашу курсының қатысушыларынан құралған 25 үміткер біліктілік сынына түсті.
Шәкірттердің қарымын сынау үшін, елімізге танымал қари, Астана қаласы "Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің бас имамы Жұманазар Садырханов, наиб имам Жасұлан Әбутәліп, қари, Халықаралық Құран жарыстарының жүлдегері Дәукен Қайырбай қатарлы білікті мамандар әділқазылық жасады.
"Бір пара" аталымы бойынша: бірінші орынды Қадыров Әбубәкір иеленсе, екінші орынды Еламан Нұролла еншіледі, ал Айтқұлов Юсуф үшінші орынға ие болды."Жарты пара" айналымы бойынша бірінші орынға Тәттімбетов Рамазан, екіші орынға Әбділда Медет, үшінші орынға Сансызбаев Еламан лайық деп танылды.
Жеңімпаздар арнайы және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен бірге, Құран жарысына қатысқан барлық қатысушыға Бахрейннен келген Құран Кәрім кітабы сыйға тартылды.



















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
"Сәдуақас қажы Ғылмани" мешіті
www.muftyat.kz
13.06.2017
3512
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру