
Рамазан – Құран айы. Бұл ай құлшылыққа аса ерекше көңіл бөліп, мұсылман баласы өзін рухани тұрғыдан дамытып, жетілдіретін уақыт.
Қасиетті айда ел мешіттерінде Алланың аты ұлықталып, Құран хатым етіледі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі бөлімі Әйелдер-қыздар секторының «Нұр Астана» орталық мешітіндегі «Жібек» қыз-келіншектер клубы осындай игі де ұлы істі атқарды. Сондай-ақ «Жібек» қыз-келіншектер клубының жетекшісі Динара Нұрғалиева мешіттегі әйелдер жамағатымен бірге қасиетті Құран Кәрімді хатым етті.
Сауат ашу курсында білім алған қыз-келіншектер мен апа-әжелер Алланың аятын оқып, рухани бір серпіліп қалды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Астана» орталық мешіті
www.muftyat.kz
13.06.2017
3489
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру