Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

07 Мамыр 2026

20 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Қасиетті Рамазан айына орай, мешітімізде шәкірт ақсақалдар мен апаларымыз Құран Хатым бастады

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті www.muftyat.kz 12.06.2017 3322 0 пікір
Қасиетті Рамазан айына орай, мешітімізде шәкірт ақсақалдар мен апаларымыз Құран Хатым бастады

ҚМДБ-ның тапсырмасы аясында, еліміз мешіттерінде сауат ашу жұмыстары жылдан-жылға жүйеленіп, кемелдене түсумен қатар қамту аясы да жыл сайын ұлғайып келеді.

Айталық, көптеген мешіттерде ерлерге және әйелдер жамағатына арналған сауат ашу курсы, студенттерге арналған сауат ашу курсы мен балаларға арналған сауат ашу курсы жыл бойы тұрақты түрде жұмыс жасап, ел азаматтарының дұрыс діни ақпарат алуына, діни мәтіндер мен діни құндылықтарды дұрыс түсінуіне, жат пиғылды діни ағымдардың жетегінде кетпеуге мол мүмкіндік беруде.

Ал, қала мешіттерінде өзгеше бір сауат ашу курсы жұмыс жасайды. Яғни, мешіт жанынан қоғамдағы ақсақалдар институтын жандандыруға, көнекөз қариялардың діни сауатын жоғарлатып, сол арқылы жас ұрпақтың діни жолдан адаспауына қам-xаракет жасауға мүмкіндік беретін ақсақалдар сауат ашу курсы жұмыс жасайды.

Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті Елордамыздағы сондай мешіттердің бірі. Мешітімізде ұзақ жылдардан бері қолға алынған бұл игілікті бастама жыл сайын жалғасып, толысып келеді. Айталық, шәкірт ақсақалдар жыл бойы аптаның бес күнінде Құран, Тәжуид, Фиқһ, Ақида, Сира пәндері бойынша сабақ алса, әр жылы Рамазан айында Бас Имам Жұманазар Садырхановтың қадағалауымен, ай бойы Құран Хатым жасалады.

Биыл да қасиетті Рамазан айының басталуымен шәкірт ақсақалдар Құран Хатым жасауға кірісті. Осылайша, аталарымыз бен апаларымыз Құран айын әспеттеп, ай бойы Алла Елшісінің (с.ғ.с.) асыл сүннетіне амал жасайды. Ал, ай соңында арнайы Хатым дұғасы жасалып, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тілеп дұға жасалмақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру