
2017 жылдың 7 маусым күні сағат: 18.00-де Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік орталығында, Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасы мен Маңғыстау облыстық орталық мешітінің қолдауымен Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық Партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол – жастар» жастар қанатының ұйымдастыруме Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Иманды жас – ұлт кепілі!» атты рухани кеш өткізілді.
Шараға Облыстық, қалалық әкімдігінің қызметкерлері, Маңғыстау облыстық дін істері басқармасының қызметкерлері, Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы, Маңғыстау ауылдық "Миғраж" мешітінің бас имамы және "Үммет" жастары, жергілікті ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері, Маңғыстау облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қызметкерлері, Маңғыстау ресурс орталығының қызметкерлері, Ақтау қалалық жастар орталығының қызметкерлері, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық Партиясы Маңғыстау Облыстық филиалының қызметкерлері мен мүшелері, Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері, Ардагерлер үйінің ақсақалдары, «Ақ жол – жастар» жастар қанаты, Саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Аталмыш кеште «Ақ жол – жастар» жастар қанатының белсенді мүшелері тағылымды әндер мен ғибратқа толы термелер орындап, өлеңдер оқыды.
Кеш алдымен Маңғыстау облыстық Дін басқармасы «Дін мəселелері бойынша ақпараттық талдау орталығының» басшысы Шопанова Бақтыгүл Мақсотқызының беташар сөзімен және Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы Смайыл Сейітбековтың ұлық айдың нығметтері мен сауапқа толы мүбәрак айды ерекше құлшылықпен өткізуге шақырумен басталды.
Кеш барысында «Ақ жол – жастар» жастар қанатының әуесқой әртістері адасқан мұсылман бауырларымызды тәубеге келтіру мақсатында жат ағымның жетегінде кетпеудің дара жолы – отбасы мен дәстүрлі діннен, адамгершілік қасиеттерден қол үзбеу керектігін драмтург, ұстаз Өтен Ахметтің «Ананың ақ сүті!» атты сахналық қойылымы арқылы көрсетті.
Ата-бабаларымыздан қалған дәстүрлі дінімізді насихаттап, қаймағын бұзбай, қастерлеп ұстау біздің басты парызымыз! Сондықтан Қасиетті Рамазан айында жас ұрпаққа рухани тәлімдік-тәрбие беріп, Ислам дінінің негіздерін түсіндіріп, имандылыққа, адамгершілікке баулу мақсатында осындай рухани кештерді жиі өткізіп тұруымыз керек.
Маңғыстау облыстық «Ақ жол- жастар» жастар қанатының баспасөз қызметі









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Ақ жол- жастар» жастар қанаты
www.muftyat.kz
12.06.2017
3976
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру