Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтау: Облыс жастары ауызашарда

ҚМДБ Маңғыстау өкілдігі www.muftyat.kz 10.06.2017 4049 0 пікір
Ақтау: Облыс жастары ауызашарда

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің рамазан айына бекіткен жоспарына сәйкес әр күні түрлі мекеме қызметкерлерін ауыз ашарға шақырып, қонақ етуде. Кезекті ауыз ашар дастарханының қонағы Маңғыстау облыстық Жастар саясаты басқармасының басшысы мен қызметкерлері, Жас Отан, Ақжол жастары және Жастар орталығының жастары болды.

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков мешіт шақыруын қабыл алып, ауыз ашар дастарханына келген жастарға алғысын айтты. Өкіл имам қасиетті рамазан айы жайында уағыз айтып, имандылықтың қаншалықты маңызға ие екеніне тоқталды. «Ақ жол» жастарының белді мүшесі Кенжебек жастар атынан мешіт тарапынан ұйымдастырылған ауыз ашар үшін алғыс айтып, ел үшін ынтымақта бірлікте қызмет ете берейік деп жастарға қарата тілегін білдірді. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру