Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыстық мешітте жазғы ілім курсы басталды

«Һибатулла Тарази» мешіті www.muftyat.kz 10.06.2017 3551 0 пікір
Облыстық мешітте жазғы ілім курсы басталды

Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде балаларға арналған кезекті жазғы діни сауат ашу курсын басталған болатын. Соған орай бүгін жаздық маусымның ашылу салтанаты өтіп, білім алушы шәкірттер қабылданды. Ілім курсына мектеп жасындағы ұл балалар мен қыз балалар қатыса алады. Сонымен қатар, жасөспірімдер жас мөлшеріне қарай топтарға бөліп оқытылады.

Шәкірттер Құран әліппесі, ғибадат, сенім, мінез-құлық, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірбаяны пәндері бойынша дәріс алатын болады. Ал сабақты мешіт ұстаздары мен діни оқу орындарының іс-тәжірибеден өтуші студенттері жүргізеді.

Аталған курста балдырғандар тек діни сауатын ашып қана қоймай, адамгершілікке баулыйтын құндылықтар жөнінен тәрбие ала алады.

Курстың алғашқы күні ұлдарды осы мешіттің ұстазы Асхат Акмамбетов, қыздарды ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйелдер-қыздар секторының өкілі Зейнеп Үсенова мен мешіт ұстазы Гүлжан Алдасаева қарсы алып, діни білімнің маңыздылығы жайлы тілге тиек етіп, алдағы оқу маусымына сәттілік тіледі.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру