Алматы орталық мешітінің тынысы рамазан айында кеңейе түсті. Рамазан - Құран айы, білім айы болғандықтан Орталық мешіт жамағаты күнделікті имамдардың айтқан уағыздарынан білімдерін шыңдай түсуде. Нағыз шыңдалғандар «Раббым білімімді арттыр» атты Орталық мешіт ұйымдастырған сайыста өз білімдерін додаға салуда.
Аталмыш сайыстың қазіргі таңда іріктеу туры өтуде. Күнделікті бесін намазынан кейін мешіт жамағаты арнайы орында 45 сұрақтан тұратын тест тапсырмасына жауап беруде. Іріктеуге жас айырмашылығына қарамастан барша жамағат қатысуға болады. Сайыс негізгі 4 турдан тұрады: Іріктеу туры, Ширек финал, Жартылай финал, Ақтық сайыс.
Сайыс Қадір түніне дейін жалғасып, Қадір түнінде ақтық сайыста жеңімпаздар анықталмақ. Орталық мешіт наиб имамы әрі сайыс жүргізушісі Ашимов Қасымның айтуынша, жүлделі орындарға шариғи кітаптар тігілуде: 1-орынға 80 кітап, 2-орынға 24 кітап, 3-орынға 14 кітап сыйлыққа тартылмақ.
Сыйлыққа тігілген кітаптарға «Көкжиек» баспа үйі демеушілік етуде.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы Оратлық мешіті
www.muftyat.kz
09.06.2017
3970
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру