Қарттар үйі. Бұл жер - бұралаңы мен шырғалаңы мол тағдыр жолдарының тоғысқан торабы, мұңды мәнзілі. Қартаң тартқанда қасында қарайласар ет жақыны қалмай, қалса да олардан ешбір қайыр көре алмай, құсадан қан жұтқан қарттарымыздың жабырқаған жандарына жұбаныш, бастарына жайлы баспана болып келе жатқан жер де осы - Қартар үйі. Кешегі "жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған" елдің бүгінгі ұрпағына мұндай жат қылықтар сүйегіне таңба, арына сын екендігі өкінішті-ақ. Сондықтан да бүгінгі өскелең жас ұрпаққа қарттарын ардақтап күте білулері міндет.
"Игі істің басына, жақсы келер қасына" дегендей, «Қабақ Баба» мешітінің Бас имамы Руслан Елемесовтың осындай игі істің басынан табылып, "Қарттар үйіне" бас сұғып, ондағы қам көңілді қарттардың жағдайын біліп, зиярат етті. Бас имам қарттарға арнап дастархан жайып, отырыс барысында оразаның маңызы, оның исламдағы парыздығы, имандылық туралы кестелі сөздермен көркем насихат айтып, үлкендерге ой салды. Соңынан Құран аяттары оқылып, сауабы марқұмдарға бағышталды.
Шараға қала өнерпаздары да қатысып, кешке көрік сыйлады. Өнер иелері ата-әжелермен домбырада қосыла ән шырқап, жарапазан мен жүректі тебірентер термелер айтып шат-шадыман көңіл күй сыйлады.
Бұдан бөлек қарттарға құрма таратылып, «Ислам және өркениет» газетінің жаңадан жарық көрген сандары мен мұсылман күнтізбелері үлестірілді. Осындай имани отырыстан тағылымды ғибрат, рухани нәр алып, көңілдері марқайған қарттар келген қонақтарға алғыстарын жаудырып, ақ баталарын беріп дұға етті.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі
www.muftyat.kz
09.06.2017
3969
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру