Қасиетті Рамазан айында қоғам қайраткерлері мен ел ағаларына құрмет көрсету мақсатында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі Өскемен қаласына жаңадан тағайындалған қала әкімі Қуат Тұмабаевқа және шығыстың зиялы қауым өкілдеріне Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ауызашар берді. Ауызашарға Өскемендегі өнер, мәдениет саласының майталмандары мен қоғам қайраткерлері, ел ағалары шақырылды.
ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы: «Қаламызға жаңа басшы тағайындалып отыр. Қазақта «Жас келсе іске» деген қанатты сөз бар. Қаламыздың гүлденіп көркеюіне, еліміздің өркендеп өсуіне қосар үлесіңіз көп болады деген үміттеміз» - деп, жаңа басшының қызметіне сәттілік тіледі. Өкіл имам өз сөзінде өкілдік тарапынан атқарылып жатқан шаруаларға да тоқталып өтті.
Ол сонымен қатар: «Қасиетті Рамазан айында жайылған осы бір ауызашар дастарханымызда Тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосып келе жатқан шығыстың зиялы қауым өкілдері, аға буын қайраткерлері отыр. Сіздердің өнегелі істеріңіз ұрпаққа үлгі» - деп, бүгінгі ауызашардың маңыздылығы жайында да аз-кем сөз айтты.
Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев сөз сөйлеп: «Ислам - адамгершіліктің, тазалықтың діні. Барлықтарыңызға Рамазан айы құтты болсын!» - деп, ізгі тілегін білдірді.
Сөз соңында өкіл имам елімізге бейбітшілік, халқымызға амандық тілеп, дұға жасады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Халифа Алтай» мешіті
www.muftyat.kz
09.06.2017
3853
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру