Мұсылмандық қырық парыздың бірі – білім і. Осындай берік қағидаттарды басшылыққа алған қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин бабамыз балаларды: «Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық», – деп, білімді Алланың атымен бастап алуға шақырған.

Орал қаласындағы «Орал» медресесінің бітіруші шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды. Шәкірттер алдымен Қазақстан тарихы пәнінен сынақтан өтіп, кейіннен Құран, фиқһ, араб тілі пәндерінен бақтарын сынады. Аталмыш емтиханды мелекеттік аттестаттау коммисиясының төрағасы ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, «Орал» медресесінің директоры мен медресенің оқу ісі жөніндегі орынбасары Мұратбек Қыстаубаев қабылдады.

Мемлекеттік емтихан тапсырған ұл балалар бөлімінен 12 түлектің ішінде Ерболат Үмбетбаев, Данияр Шынасылов, Бағдат Шақаев - үшеуі «үздік», екеуі «жақсы», ал қалған жеті шәкірт «қанағаттанарлық» үлгерім көрсете білді.

Бірер күнде қолдарына диплом алып, ілім деген аманатты арқалап, үлкен өмірге қадам басатын түлектерге Алла Тағаладан жолдарының ашық, еңбектерінің жемісті болуын тілейміз!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұрлан САМАТҰЛЫ
www.muftyat.kz
09.06.2017
3725
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру