Алла Тағала «Бақара» сүресінің 148-аятында: «Жақсылықта жарысыңдар…» -деп бұйырса, «Ниса» сүресінің 127- аятында: «Қайырдан не істесеңдер де, сөзсіз Алла оны күдіксіз біледі», - деп қайырымдылық жасағандарды үлкен сауапқа кенелтетінін айтады. Ал сауабы еселеніп жазылатын қасиетті Рамазан айында әрбір мұсылман адам бұл мүмкіндіктерді қалт жібергісі келмейді.
Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі осы аптада қасиетті Рамазан айының құрметіне 25 отбасына көмек көрсетті. Оларға азық-түлік пакеті және демеушілер арқылы жиналған киім-кешектер табыс етілді.
Бұл отбасыларда негізінде ауру-сырқау, мүгедек жандар, көпбалалы және жалғызбасты аналар тұрады. Әркез мешіттерден қолдау көріп отыратын отбасы мүшелері мешіт қызметкерлеріне риза болып, алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.
Алла Тағала баршамызға жақсы істер жасауды нәсіп етсін!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешіті
www.muftyat.kz
07.06.2017
3430
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру