
Көкшетау қаласындағы облыстық Науан хазірет мешітінде күн сайын жамағатқа ауызашар дастарханы жайылады. Оразаның оныншы күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан Көкше жұртына арнайы ауызашар берілді. Бұл шараға мемлекеттік билік, зиялы қауым, ақсақалдар өкілдері қатысты.

Ауызашар дастарханы басында ҚМДБ-ның Ақмола облысындағы өкілі, Науан хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит кіріспе сөз сөйлеп, барша қауымға Дінбасының Рамазан айына арнаған құттықтауын жеткізді.

Дінбасы – иманымыздың айшығы, асыл дініміздің көшбасшысы. Біз оған лайықты құрмет көрсету арқылы иманымызды нықтап, мұсылмандық жолымыздың тағылымын арттырамыз.
Бүгінде Бас мүфтидің бастамасымен қаншама жақсы үрдістер қолға алынды. Имам, мұсылман адамның бет-бейнесі қалай болу керек деген қағидатты негізге алған құжаттар да қабылданды. Дін намаз оқу, жаназа шығару ғана емес, ол рухани құндылықтарымыздың өркендеуі. Олай болса, бұл ауызашарға қатысушы қауым облыс имамының әңгімесінен осындай ғибрат алды.

Дастархан басындағы шырайлы кездесу барысында Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Дулат Нұрмолдин және тағы басқалары сөз алып, елімізде ислам дінінің өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі орны және қоғамда имани сананы қалыптастырудың маңызды сипаттарын тілге тиек етті.

Тағылымды кеш осылай есте қаларлық шараға айналды. Ауызашар асынан дәм татқан жамағат та риза көңілмен тарап, тарауық намазында бас түйістірді. 




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Науан хазірет мешіті
www.muftyat.kz
07.06.2017
3882
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру