Қасиетті Рамазан айында жылдағы дәстүрге сәйкес Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінің дәмханасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің атынан мешіт жамағатына ауызашар дастарханы жайылды.
Ауызашар рәсіміне облыс имамы Ахметжан қажы Керімбек және облыстық «Зекет» қорының өкілі Ғалымжан қажы Назаровтар қатысып, жиналған көпшілікке Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің құттықтауы мен Рамазан айына байланысты ел халқына жолдаған үндеуін кеңінен таныстырды.
Аталмыш шараның кең көлемде өтуіне облыстық «Зекет» қорының өкілдігі мұрындық болды. Шара соңында барлық қатысушыларға кәде-сыйлық табыс етілді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ ОҚО өкілдігі
www.muftyat.kz
06.06.2017
3540
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру