Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде 60-қа тарта көлік жолаушыларды тегін тасып жүр (ФОТО)

«Халифа Алтай» мешіті www.muftyat.kz 06.06.2017 4017 0 пікір
Өскеменде 60-қа тарта көлік жолаушыларды тегін тасып жүр (ФОТО)

Қасиетті Рамазан айында ізгілік, мейірімділік шарасын жан-жақты өрістету туралы Діни басқарманың тапсырмасы аясында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі қайырымдылықты әртүрлі форматта жасап келеді.

Өткен жылы «Өскемен өкілдігінің бастамасымен елімізде алғаш рет жүзеге асқан «Имам такси» жобасы биыл да жалғасын тапты.

«Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті бастаған Өскемен қаласындағы мешіттердің имам-молдалары мен ұстаздарынан және ерікті жамағаттан құралған 60-қа тарта көлік тұрғындарды тегін тасымалдап жүр. Олардың қатарында 2-3 жеңіл автобустар бар. Бастама халықтың көңілінен шығып отыр» деп атап өтті, ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы.

«Біз, қала тұрғындары «Имам таксиді» жылда Рамазанда асыға күтетін болдық. Имамдар тұрғындарды тасымалдау барысында  жол үстінде түйткілді сауалдарымызға жауап беріп, емен-жарқын пікірлеседі, осындай ізгілік қазіргі қоғамға ауадай қажет» дейді, мешіт жамағаты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру