ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы Атырау селолық мешітінде өткен Құран сайысына қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі.
Мешіттің бас имамы Санат Ускенбаев, ұстаз Бағытжан Жолдасов, сондай-ақ, Алматы қаласынан арнайы шақыртылған қари Ислам Қожа Әбдісаттаровтар әділқазылық еткен сайысқа негізінен мешіт жамағаттары демеушілік етіп, қаржылай қолдау білдірді.
Сайыс қорытындысы бойынша «Бас жүлдеге» ие болған Әсетов Бейбарыс кіші Умра қажылығы жолдамасымен марапатталып, жүлделі 2-орын биігінен көрінген Қуаныш Данабекке 50 000 теңге, 3-орынға табан тіреген 10 жасар ең жас сайыскер Серікұлы Абдуллаға 30 000 теңгедей ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Иманғали» орталық мешіті
www.muftyat.kz
05.06.2017
3524
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру