Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОҚО: «Балаларға базарлық» атты мерекелік шарасы өтті

ҚМДБ ОҚО өкілдігі www.muftyat.kz 04.06.2017 3361 0 пікір
ОҚО: «Балаларға базарлық» атты мерекелік шарасы өтті

 

Шымкент қаласы облыстық мешіттің ұйымдастыруымен қатарынан үш күн бойы 1-маусым халықаралық балалардың құқығын қорғау күні мерекесіне орай «Балаларға базарлық» атты мерекелік шарасы өтті.
Аталмыш шарада мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында тәлім алып жатқан 70 бүлдіршін шәкірттерге арнайы батут құрылып, үш күн бойы ақысыз секіртпе ойнауға мүміндік берілді.
Облыс имамының орынбасары – ДСАК бөліміне жауапты Еркебұлан Қарақұлов және Нұрлан Бахытжанұлы, Есалы Тәжібаев ұстаздар бүлдіршіндердің діни білімдерін шыңдау үшін арнайы сұрақ-жауап сайыстарын ұйымдастырды.

Мерекелік шараның соңында ауыз ашар кезінде арнайы дастархан жайылып, барлық балаларға өкілдік тарапынан алғыс хат табыс етілді. 

 SAM2669

 SAM2677

 SAM2683

 SAM2696

 SAM2712

 SAM2721

 SAM2724

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру