Қала мешіттерінде «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің имамдары мен ұстаздары жамағатқа пайдалы уағыз-насихат айтып, жамағаттың білімін арттыруға күш салуда.
Мешіттің наиб имамы Нұрлыбек Күзенбаев және ұстазы Нұрбол Смағұлов қаладағы «Бақытжан», «Нұрдәулет» мешіттерінде болып, жамағатпен жүздесіп, сұхбаттасты. Рамазанда ораза тұту, Құран оқып, жамағатпен бірге тарауих намазына қатысудың сауабы жайлы пайдалы насихаттар айтты. Жамағаттың көп жағдайда оразаға қатысты сан түрлі сауалдарына жауап берді.
ҚМДБ-ның әйелдер-қыздар секторының облыстағы өкілі Диляром Бектаева және қаладағы әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығының жетекшісі Талшын Қожахметова да Жаңақоныс елдімекенінен жаңадан ашылған «Бақытжан» мешітінде болды. Мешіттің әйел жамағатымен танысып, халық қолданысына жаңадан берілген құлшылық үйінің ашылуымен құттықтады. Жаңа мешіт исламның игіліне, халықтың қызметіне қолданылып, іргесі берік болсын деген ізгі тілектерін жеткізді. Әйелдер-қыздар секторының облыстағы өкілі Диляром Бектаева жамағатқа Ханафи мәзһабы бойынша намаз оқу, дәрет алудың парызы, сүннеттері мен әдептері жайлы айтып, мәсіге мәсіх тартудың шариғаттағы үкімі жайлы толық мағлұмат берді. Орталық жетекшісі Талшын Қожахметова қасиетті айдың қадір-қасиетін, ораза тұтудың мәнін айтып, оны ас-судан тыйылу ғана деп шектемей, бұл да бір тәрбие мектебі екендігін түсіндірді. Мешіттердегі әйелдерге арналған діни сауат ашу курстарының жұмысын, оның аясында атқарылып жатырған іс-шаралардың ретін баяндап, т.б. пайдалы ақпараттармен бөлісті.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Ғасыр» мешіті
www.muftyat.kz
03.06.2017
3762
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру