Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"ҚОШ КЕЛДІҢ, БАЛАҚАЙ" АТТЫ САУАТ АШУ КУРСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ БОЛЫП ӨТТІ (ФОТО+ВИДЕО

www.muslim.kz 02.06.2017 5352 0 пікір

Бүгін Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жазғы сауат ашу курсына қабылданған балдырғандарға арналып «Қош келдің, балақай!» атты мерекелік шара болып өтті. Жиырма бес күнге созылатын жазғы сауат ашу курсына қабылданған балақайлар үшін бүгінгі шара «1-маусым «Балаларды қорғау күніне» орай жасалған керемет сыйлық болды.

Жас шәкірт Қоянбек Абдуррахман әдемі дауыспен салтанатты шараны Қасиетті Құран аяттарымен ашып берді. Одан кейін сөз алған "Әзірет Сұлтан" мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев жазғы сауат ашу курсының маңызына тоқталып, балдырғандарға ізгі тілегін арнады. Оқушылардың жазғы демалыстарын тиімді өткізулеріне таптырмайтын бұндай курстардың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын жеткізген Бақытжан Өткелбаев ата-аналар қауымына да алғысын білдірді. Ұрпағын бала жастан имандылыққа шақырып, әдепті тәрбиелеуге ұмтылған ата-аналардың көбеюі қуантарлық жайт дейді ол.

Бұндай маңызды шараны "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы да өткізіп алғысы келмегендей. Шараға бас имамның өзі арнайы келіп, балаларды бүгінгі мерекесімен құттықтап, осы бір айлық курста жақсы оқулары үшін тілектестігін білдірді. Кейінгі ұрпақтың иманды, ұлтжанды болып өсу керектігін, әрі осы шара сол мақсатты жүзеге асырудың алғышарты екендігін тілге тиек етті.

Биылғы жылы «Әзірет Сұлтан» мешітінде де бала шәкірттердің саны өткен жылғымен салыстырғанда артық деуге болады. Маусым айының 25-не дейін енді «Әзірет Сұлтан» мешітінде 270 ер бала мен 135 қыз бала діни сауат ашып, арабша хат танып шығады. Сондай-ақ, күнделікті өмірімізге қажетті дұғаларды үйренеді. Бүгінгі шара барысында «Хикмет» телерадиостудиясы әзірлеген «Құран әліппесі» мен «Имандылық әліппесі» атты кітапшалар балақайларға үлестіріп берілді. Сондай-ақ, балдырғандардың үйдегі әзірліктеріне көмектесетін аталмыш кітаптардың дискілері де қоса сыйға берілді.

Суреттерді «www.muslim.kz» сайтынан көре аласыздар!

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру