Бүгін, Халықаралық балаларды қорғау күні «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің әйелдер-қыздар секторының ұстаздары мен діни сауаттылық курсының шәкірттері диспансерде емделіп жатқан балаларды құттықтап қайтты.
Мешіт ұстазадары мен шәкірт қыз-келіншектер балаларға жылы тілектерін айтып, оларға ойыншықтар мен ой-өрісін дамытуға арналған түрлі ойындар сыйлап қуантты. Сыйлықтар мен жемістер, шырын мен тәтті тағамдарды сатып алуға діни курстарға қатысып жүрген шәкірт апайлар атсалысты.
Кездесуді ұйымдастырған Қарлығаш Қажымәлікқызының айтуынша, қазіргі кезде диспансерде 37 бала емделуде. Олардың көбі әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардан, сондықтан қамқорлыққа мұқтаж. «Әрине, аурудан азап шеккен балаларды көру оңай емес. Бірақ біз оларға барып, көңіл бөліп, жылулығымызды аямауымыз қажет. Өйткені бір ауыз жылы сөздің өзі дертке дауа», - дейді ұстаз.
Мейірімі шексіз Алла Тағала барлық балаларымызға мықты денсаулық пен иман берсін. Әр отбасы бақытты, берекелі болсын!








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.mazhab.kz
02.06.2017
5457
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру