"Атырау тұрғыны полицейдің ізгі әрекетін видеоға түсіріп алып, тәртіп сақшысына алғыс білдіріп жазбаны Желіге таратты" деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
"Бүгін ЖПК (жол патруль қызметі) инспекторы жасаған жақсы әрекеттің куәгері болдым. Балықшы ауданында аптап ыстықта арбаға таңылған адам Қызыл Әскер бойында кетіп бара жатты, – деп жазды қала тұрғыны.
Оның сөзіне қарағанда, полиция көлігі тоқтап, ішінен жас жігіт шыққан. Ол арбаға таңылған адамның қасына жақындап, оны көлікке отырғызады да, арбасын жүк салғышқа салады.
Қорыта келе Атырау тұрғыны осындай әрекеті үші тәртіп сақшысына алғысын білдірді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
sputniknews.kz
01.06.2017
3444
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру