Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Қуғын-сүргін құрбандарына Құран бағышталды

www.nurgasyr.kz 01.06.2017 4579 0 пікір
Ақтөбе: Қуғын-сүргін құрбандарына Құран бағышталды

 

Бүгін үйетөбе басында қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шара өтті. Оған жергілікті билік өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, жастар және қуғындалған азаматтардың ұрпақтары қатысты.

Шара барысында сонау қиын-қыстау кезеңдер туралы сахналық қойылымдар көрсетілді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев алғы сөз сөйлеп, мұндай зұлматты кезең енді болмасын деген тілегін жеткізді.

Құрбандардың құрметіне орнатылған ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып, тағзым етілді. Есімдері бір минут үнсіздікпен еске алынып, өкіл имам Төлеби Оспан боздақтардың рухына арнап Құран бағыштады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру