Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыстық дін істері басқармасына ауыз ашар берілді (ФОТО)

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 01.06.2017 4211 0 пікір
Облыстық дін істері басқармасына ауыз ашар берілді (ФОТО)

 

Маңғыстау облыстық орталық мешіті жылдағы үрдіске сай мешіт ауласына 2 киіз үй тігіп, күнделікті 200 адамға ауыз ашар ұйымдастыруда. Одан бөлек әр күні түрлі мекеме қызметкерлерін ауыз ашарға шақырып, қонақ етуде. Кезекті ауыз ашар дастарханының қонағы Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасының қызметкерлері болды.

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков мешіт шақыруын қабыл алып, ауыз ашар дастарханына келген Дін істер басқарма қызметкерлеріне алғысын айтып, қасиетті рамазан айындағы тілегіміз бен құлшылығымызды Алла қабыл етсін деп дұға етті.

Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасының басшысы Ерлан Есбергенов өкіл имам С.Сейтбековке ұжым атынан рахмет айтып, дін қызметінде белсенді қызмет етуіне тілектес екенін білдірді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру