Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: «Балаларға базарлық» атты қайырымдылық шарасы өтті (ФОТО)

www.oko-meshit.kz 01.06.2017 4836 0 пікір
Шымкент: «Балаларға базарлық» атты қайырымдылық шарасы өтті (ФОТО)

 

ҚМДБ-ның Жалпы және Жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы арнайы Шымкент қаласына іс сапармен келді. Іс сапар аясында бөлім меңгерушісі А.Ұтысханұлы 1-маусым халықаралық балалардың құқығын қорғау күні мерекесіне орай Шымкент қаласы «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің ұйымдастыруымен өткен «Балаларға базарлық» атты қайырымдылық шарасына қатысты.
Шараға қатысқан Шымкент қаласы №19 «Бауыржан» отбасылық балалар үйінде тәрбиеленуші 40 бүлдіршінді қасиетті Рамазан айымен құттықтап, имандылық жайында насихатын айтты. 

Шымкент қаласы «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің ұйытқы болуымен бүлдіршіндерге арнайы автобус бөлініп, балалар Шымкент қаласынадағы бірнеше мешіттерді аралап, қалалық хайуанаттар бағына саяхат жасап, тамашалады. Шара соңында жасөспірімдерге мерекелік дастархан жайылып, сый-сипаттар үлестірілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру