Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Мешіт имамы көлік мінді (ФОТО)

«Досжан Ишан» мешіті www.nurgasyr.kz 01.06.2017 5414 0 пікір
Ақтөбе: Мешіт имамы көлік мінді (ФОТО)

Темір ауданының әкімі Жүсіпалиев Асқар Қазиханұлы қасиетті Рамазан айында аудандық «Досжан Ишан» мешітіне зор тарту жасады.

Мешіт имамы Мадияр Пірімқұловқа Skoda Oktavia A5 маркалы қызметтік көліктің кілтін табыстады. Аудандағы діни ахуалды реттеп, жамағат пен мешіт арасында берік байланыс орнату, теріс ағым өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізіп келе жатқан Бас имамның жауапты қызметіне өңір басшысы ретінде өз ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да қызметін абыроймен атқаруына тілектес екендігін айтты.

Бас имам Мадияр Тағайбайұлы мешіт мүлкін толықтырып, имамдардың қызметіне жанашырлық білдіріп, жағдай жасаған өңір басшысына өз алғысын жеткізді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру