Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақжайық өңірінде сауат ашу курсы жандануда

Нұрлан САМАТҰЛЫ www.oral-islam.kz 31.05.2017 3968 0 пікір
Ақжайық өңірінде сауат ашу курсы жандануда

Қасиетті Рамазан  айында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасымен имамдар алдына қойған төрт бағыттың бірі –халықтың діни білімін арттыру. Аталмыш мақсатта сауат ашу курстарын ұйымдастырып, қолға алу міндеттелген.

Осы бағыт бойынша өкіл имамның ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді пайдалану үшін облыстық  орталық  мешітінде діни сауат ашу дәрістері жүргізілуде.

Мектеп жасындағы 30-дан аса шәкірттер араб тілі, ата-ананы сыйлау, ахлақ, Құран сабақтарын үйреніп, Ислами тәлім-тәрбиемен сусындауда.

Дәрісті ұлдарға Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің шәкірті  Бақытжан Бектияров пен Нүркен Дінмұхан, ал қыздарға Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылдық «Үшқоңыр» медресе-колледжінің шәкірті Алима  Ерланқызы мен Айсәуле Қитаровалар жүргізуде.

Ислам дінінің басты мұраты – білім кәусарымен әрбір мұсылман баласын діни әрі зайырлы ілімдермен сусындандыру. Мұсылман жұртының қасиетті кітабы Құран Кәрімнің ең бірінші түскен аятында: «Жаратқан Раббыңның атымен оқы», – делінген. Осының өзі адамзатты білімге жетелейтіндігін дәлелдейді. Ендеше, ілімді  шәкірттерге екі дүниенің білімін нәсіп еткей!

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру