Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Ұлық айдағы қайырымдылық шара (ФОТО)

Нұрлан САМАТҰЛЫ 30.05.2017 3416 0 пікір
БҚО: Ұлық айдағы қайырымдылық шара (ФОТО)

 

Қасиетті Рамазан айында садақа беріп, қайырымдылық жасау ең сауапты да, қайырлы істердің бірі болып саналады. Осыған орай жеке кәсіпкер Біржан Құжақов қолдауымен бала кезінен туа біткен мүгедек Омар Қуанышұлына қайырымдылық шарасы жасалды.

Бұл игі шара Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қайырылымдылық шараларын көбірек ұйымдастыру тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отыр. Рамазан – қайырымдылық айы, бұл айда игі амалдың, қайырымдылық көмектің сауабы сансыз сауапқа еселенетіні белгілі. Осы сәтте Руслан Тыныштықұлы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қоларбаны Омардың әкесі Қуаныш Жанболатұылына сыйласа, көп балалы ана Гүлдана Мырзахметоваға азық-түлікпен көмек көрсетті.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде: «Рамазанның берекесі – мейірімділік көрсету мен ізгі амалдар жасаумен арта түспек. Жетім мен жесірге, жоқ-жітікке қарайласу мұсылманның мерейін үстем қылады. Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім-кешегі үшін көмек қолын созған кісі Алла жолында жиһад жасағанмен, әр түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты», – делінген. Қасиетті айда қайырымдылық жасап, сауапқа кенелейік ағайын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру