Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: Науан хазірет мешітінде құран хатым етілуде (ФОТО)

Бақыт Смағұл www.nasihat.kz 30.05.2017 3853 0 пікір
Ақмола: Науан хазірет мешітінде құран хатым етілуде (ФОТО)

Көкшетау қаласындағы облыстық Науан хазірет мешітінде ниетке кірген күнгі тарауық намазында барша жамағатты облыс имамы Қуаныш Сәбит құттықтап, оразаны ыстық ықыласпен ұстауға тілектестігін білдірді. Биыл да тарауық намаздары бойы қасиетті Құран хатым етіп түсірілетінін жеткізді. Орталық мешітте бұл мерейлі міндетті ұстаз Теміржан қари атқаруда.

Теміржан қари еңселі мешітті өзінің әуезді үнімен баурап, қасиетті Алланың кәләм сөздерін жүрекпен оқиды. Ол «Нұр-мүбәрәк» ислам университетін үздік бітірген түлегі саналды. Соңғы жылдары осындағы мешітте жас балғындарды Құран тағылымына баулып, қарилыққа машықтандыруда.

Сонау бір жылдары Көкше жерінде бір қари болмай, Құран хатым ету үшін ондай жандарды сырттан шақыртатын едік. Қазір өз түлектеріміз осындай дәрежеге жетіп отыр. Бұл да жақсылықтың белгісі.

Бірақ, жергілікті жерлердегі мешіттерге де Алланың кәләм сөздерін оқитын қарилардың қажет екені еш жасырын емес. Соған қарамастан облыстың көптеген мешіттерінде бұл мәселе оңтайлы шешіліп, Құран хатым етіле бастады.

Оразаның бір тағылымы – тарауық намазы десек, ақмолалық имамдар да бұл істі шынайы түрде қолға алып жатқандары қуантады. Ораза қабыл болып, бұл ай өзінің ғибратымен есте қалсын дегіміз келеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру