Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: «Рамазан мүбәрак!» акциясы өтті (ФОТО)

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті www.mazhab.kz 29.05.2017 3811 0 пікір
Павлодар: «Рамазан мүбәрак!» акциясы өтті (ФОТО)
Қасиетті Рамаза айының бірінші күні орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті сауат ашу курсының устазы Жұлдыз Қажуеваның ұйымдастыруымен Павлодарда «Рамазан мүбәрак!» акциясы өтті.

Орыс тілді тобының қыз-келіншектері павлодарлықтарды Рамазан айының келуімен құттықтап, серуендеп жүрген тұрғындарға құрма таратып, балаларға шарлар сыйлады.

Жұлдыз Қажуеваның айтуынша, акцияның өткізу мақсаты: адамдарға қуаныш сыйлап, Ислам дінінің мейрімділігін көрсету. Өйткені барлық мұсылмандар үшін Рамазан айы ең қадірлі, қасиетті ай. «Осы акциямызбен мұсылман емес жұртқа Ислам дінінің сұлулығын, Рамазан айының ерекше маңыздылығын жеткізгіміз келеді», - дейдіұстаз.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кімде кім Рамазанды иманмен және сауабын үміт етіп тұтатын болса, оның өткен күнәлары кешіріледі», - деген. Сондай-ақ, Рамазан айында ізгі амалдарды көптеп жасаған абзал. Өйткені қасиетті айда атқарылған әр амалды сауабы еселеніп беріледі. Сондықтан Алла Тағалаға ең жақсы істерімізді көрсетіп, құлшылыққа ерекше ден қойып атқаруымыз керек, дейді ұстаз.

Алла Тағала мешітіміздің ұстаздары мен шәкірттерінің ізгі амалдарын қабыл етсін!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру