Ақмола облысының барлық мешіттерінде ауызашар асы беріле бастады. Бұған жергілікті кәсіпкер азаматтар да қол ұшын беріп, өз қаражаттарына дастархан жаюда.
Кезектерін күтіп, ауызашар беруге ынталы азаматтар қарасы да аз дей алмаймыз. Бір айтарлығы, олар бұл харакеттерін мақтан алу үшін емес, Алла разылығы жолында жасайтынын айтады.
Орталық мешіттің дерегі бойынша оразаның алғашқы күні Ақмола облысы бойынша шамамен 1500 адамға дастархан жайылған екен. Осы ай бойы 50-60 мың адамды тамақтандыру межеленіп отыр. Мешіт жамағаттарымен сөйлескенде, олардың дені студент жастар, намазхандар екенін білдік.
Алда мешіт жамағатына, өнер, білім және журналистер қауымына арнайы ауызашар беру көзделіп отыр. Оразаның тағылымы осылай жалғаса беруіне нәсіп етсін.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Бақыт Смағұл
www.nasihat.kz
29.05.2017
3527
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру