Науан хазірет мешіті мен «Зекет» қоры өкілдігі бірлесіп, қайырымдылық шарасын өткізді. Мұнда негізінен қамқорынан айрылған, қолдаушысы жоқ жетім-жесірлерге мейірімділік көрсетілді. Сегіз отбасына азық-түлік таратылды.
Алдағы уақытта осындай аз қамтылғандар санатына қайырымдылық жасау жоспары бекітілді. Осылай оразаның алғашқы күні алдымен ізгілікке назар аударылды. Енді жетімдер үйі және қарт адамдарды әлеуметтік қолдауға да барынша көңіл аудару аса қажет деген ұйғарым жасалды.
Мешіттің Рамазан айындағы бұл шарасы қай жағынан алсақ та, маңызды екенін көреміз. Демек, қоғамда осындай аз қамтылған адамдар санаты азайғанша мұндай ізгі істер жалғасатын болады.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Бақыт Смағұл
www.nasihat.kz
29.05.2017
3658
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру