ОҚО бойынша әйел-қыздар сектор жетекшісі Абиева Еңлік Рамазан айына дайындық іс-шарасы бойынша жиналыс өткізді.
Аталмыш жиналыста әйел ұстаздары екі айлық жаздық діни сауат ашу курстарының жұмыстарын пысықтады. Және төрт бағыт: діни сауат ашу, үгіт-насиxат, қайырымдылық , жат ағыммен күрес бағыттары бойынша жұмыс жасау қолға алынды.
ҚМДБ-ның ұйымдастырумен өткен ІІ Республикалық имамдар форумындағы «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» және «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» атты қабылданған құжат бойынша өткен форумды жалпы қысқаша таныстырып өтті.
Рамазан айында Облыс көлемі бойынша әйел -қыздар секторының ұйымдастыруымен өтетін түрлі қайырымдылық бағыттағы ауызашарларды ұйымдастыру тапсырылды. Сондай-ақ, алдағы уақытта әйел ұстаздарының ілімін жетілтіруге арнайы семинар өткізетін болады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ ОҚО өкілдігі
www.oko-meshit.kz
29.05.2017
3956
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру