«Қызылжар» мешіті ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан ауызашар берді. Соңғы жылдары қалыптаса бастаған бұл дәстүр биыл да жалғасын тапты.
Арнайы шақырылған қонақтар және ақшам намазынан шыққан жамағат мешіттің екі асханасын ғана емес, аулаға тігілген екі киіз үйді де лық толтырды.
Сауапты шара – ауызашарға жиналған жұртшылықты Рамазан айымен басталуымен құттықтаушылар көп болды: облыстың құрметті азаматы Ж.Ысқақов, Ұлы Отан соғысының ардагері С.Дүйсенов және қажы аналар, тағы басқалары. Мұсылман диаспораларының жетекшілері де лебіздерін білдірді. Олардан соң сөз алған ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлының құттықтап білдірген алғысы жүректерге жетіп жатты. СҚО әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров та облыс әкімінің атынан жамағатты Рамазан айымен құттықтады.
Мереке сияқты өткізілген ауызашардың соңы марапатқа ұласты. Дінімізді өркендетуге және салт-дәстүрлерімізді дәріптеуге үлес қосып жүрген қайырымды қос азамат: Адай Жанбатырұлы мен Әскер Аманжолұлы ҚМДБ-ның облыстық филиалының Алғыс хаттарымен марапатталды.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Қызылжар» орталық мешіті
www.sko-kmdb.kz
29.05.2017
3769
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру