Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚТӨБЕ: Отыз күнде отыз сауапты іс

«Нұр Ғасыр» мешіті www.nurgasyr.kz 29.05.2017 3852 0 пікір
АҚТӨБЕ: Отыз күнде отыз сауапты іс

Жақсы ісің жеті жүз есеге дейін еселенетін шарапатты айда міскінің мұқтаждығын толтырып, жәрдем беру, әлсізге қол ұшын беру сынды амалдарда одан бетер ыждағаттылық таныту керектей.

Осы ретте облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қасиетті айдың құрметіне «Отыз күнге – отыз сауап» деген тақырыппен игі бастама қолға алынды.  Игі бастаманың бірінші күні «Ғажап» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігіне жедел көмек жеткізіліп, азық-түлік, бірнеше сөмкеге буылған балалардың киім-кешектері берілді. Ал екінші күні сәуірдегі су тасқынының салдарынан баспанасыз қалған жанұяларға жәрдем жеткізуге асыққан мешіт қызметкерлері «Сен де үлес қос!» акциясының аясында азық-түлікпен, жылы киім-кешектермен көмектесті. Көлікке тиеліп, барлығы 15 кілем, одан өзге жамылғы, төсеніштер, сөмкемен киім-кешектер апарылып берілді. Азық-түліктен 100 кг макарон өнімдері, 50 кг ұн, 20 кг күріш, көкөністерден 50 кг картоп, 20 кг жуа, 10 кг сәбізді, сонымен қатар, 10 кг печенье, 20 дана күнбағыс майын және 15 дана құрманы отбасылар өзара бөлісіп алды.

Таза болғандарды сүюші Алла кемшіліктен пәк, кіршіксіз болғанындай, Алла үйінің таза болуы да – талапты нәрсе. Осы орайда, акцияның үшінші күні мешіт шәкірттері Жаңақоныс ауылында жаңадан бой көтерген «Бақытжан» мешітінде тазалық жұмыстарын жүргізіп, есік-терезелерді, әйнектерін сүртті. Кілемдерін тазалап, барлық жиһаз, бұйымдарды, орындықтарды құрғатып сүртті. Мешіт ауласындағы гүлдерге су құйып, суменен тамырына нәр барған тіршілікке тіл бітіргендей болды.

Кешкі асқа әзірлік жұмыстарына да жәрдемдескен шәкірттер көкөністердің қабығын аршып, тазалап, аспаздарға да көмектесті.  Барлығы жұдырықтай жұмыла жұмыс жасап, мешітті мұнтаздай етіп тазалап шыққан шәкірттердің шаршағанының сыйы тек сауап болғай деп тілейміз.

Игі бастама ай бойына жалғасатын болады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру