ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Қасиетті Рамазан айында ораза тұтқан жамағатқа алғашқы ауызашар ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің атынан берілді.
Ауызашар дастарханы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің хатымханасына жайылып, 300-ден астам жамағат дәм татты.
«Бүгінгі алғашқы ауызашарды ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти хазіреттің атынан ұйымдастырып отырмыз. Рамазан айы бойы мешітімізде үздіксіз 300 адамға күнделікті жүйелі түрде ауыз ашқызуды жоспарлап отырмыз. Бұл шара аудандарда да жалғасын табатын болады. Сонымен қатар басқа да шаралар жоспарлануда» деп атап өтті, ауызашарда жамағат алдында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы.
Ауызашар дастарханында елімізге тыныштық, Елбасыға денсаулық тілеп, дініміз исламның көркеюіне арнап бата жасалды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Халифа Алтай» мешіті
www.qalam.kz
29.05.2017
3459
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру