Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АСТАНАДАҒЫ МҰСЫЛМАННЫҢ ЖОЛНҰСҚАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

29.05.2017 3263 0 пікір

«iMuslimAstana» - бұл қала аумағындағы мешіттердің, жұмыс жасайтын намазханалардың, тегін ауызашар жасаудың орналасқан жерлерін және намаз уақытын тез әрі оңай анықтауға мүмкіндік беретін, елорда мұсылмандары үшін ыңғайлы мобильді қосымша. Сондай-ақ, қосымшада Рамазан айы бойы әкімшілік тарапынан қамтамасыз етілетін тегін автобустардың бағыттары орналастырылған. Ал, намазды бірлесіп оқуға мүмкіндік беретін ерекшелігі қосымша қызметтердің бірі болып табылады. Бүгінгі күннен бастап «iMuslimAstana» жобасын Андроид бағдарламасында жұмыс жасайтын смартфондар үшін Playmarket қосымшасынан жүктеуге мүмкіндік бар. Бір аптадан кейін бұл қосымша iOS бағдарламасында жұмыс жасайтын нұсқасы AppStore-да пайда болады. Қосымшаға сілтеме: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.imuslim

IMG 20170526 WA0071

IMG 20170526 WA0077

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру