Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау, және II Республикалық имамдар форумының құжаттарын насихаттау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында «Рухани жаңғыру және руханияттағы имамның рөлі» атты конференция өтті.
Шараны ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі және «Күршім аудандық мешіті» ұйымдастырды.
Аудандық «Мәдениет үйінде» өткен алқалы жиынға ҚМДБ Өскемен өңірі бойынша өкіл имам Ермек қажы Мұқатай және өңірге қарасты ауыл, аудан, қала, облыстық мешіттің имамдары мен молдалары түгелдей жиналды.
Сонымен қатар, жиынға Күршім ауданы әкімі С.Чукаев, облыстық «Дін мәселелелерін зерттеу орталығының» мамандары және аудандық ардагерлер, жастар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен дінтанушылар, ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Аудан басшысының құттықтау сөзімен ашылған жиында сындарлы баяндамалар жасалды.
ҚМДБ Өскемен өңірі бойынша өкіл имам Ермек қажы Мұқатай өз баяндамасында: «Руханиятта имамдарымыздың рөлі аса зор. Имамдар қашанда рухани қызметтің алғы сапында болуы тиіс. Біз II Республикалық имамдар форумының құжаттарын таныстырып, насихаттау шарасын бастадық. Бұл жұмыс іркіліссіз ұдайы атқарылуы тиіс. Заман талабына сай «зияткер имам» қандай болуы тиіс деген барлық талаптар осы құжатта анық жазылған», - деп атап өтті.
Жиында баяндама жасағандар рухани жаңғырудың маңыздылығына тоқталып, осы бағыттағы күн тәртібіндегі мәселелерді саралады.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.05.2017
4034
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру