Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАӘ-нен келген құрметті қонақ «Әзірет Сұлтан» мешітін арнайы зиярат етті (ФОТО)

25.05.2017 3202 0 пікір

Елордамызға ресми іссапармен жолы түскен БАӘ-нің Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Ахед Саид Ильхам әл-Захери еліміздің Бас мешітін арнайы зиярат етіп, атағы алысқа жайылған құлшылық ордасымен танысып қайтты.

Қазақ елінің қонақжай дәстүріне тәнті болған құрметті қонақ зиярат барысында «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, жылы лебізін жеткізді. Тіпті, Алла қалауымен араб топырағына жол түсіп жатса, айрықша ықыласпен қарсы алатынын да айтты.

Құлшылық ордасындағы көне Құран қолжазбасы мен күмістен құйылған парақшаларын тамашалаған Ахед Саид тарихи жәдігерлерге ерекше көңіл бөліп, тарихи танысып шықты. Мешіт ғимаратындағы Muslim.kz сайты мен «Хикмет» телерадиостудиясының жұмысымен танысып, «Әзірет Сұлтан» мешітінің асыл дініміздің даму жолында жемісті еңбек ете беруіне дұға жасап, ниетін білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру