Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда «Нұрлы мінбер-2017» сайысы өтті (ФОТО)

24.05.2017 4499 0 пікір

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен тек қана діни және өзге де мәтіндегі көптеген іс-шаралар мешіт имамдарының жұмыс жоспарына енгізілген. Сол шараның бірегейі Алматы қаласының имамдарынан сайланған 8 сайыскер қатысқан «Нұрлы мінбер-2017» атты байқауы. Шараның негізгі мақсаты имамдардың сайыс арқылы біліктілігін арттырып, өзгелердің білімге деген құштарлығын ояту болып табылады.

Имамның ақындық қабілеті

Шара  5 айналымға бөлініп І айналым «Сәлем - сөздің атасы» деп аталып, сайыскерлер 4 шумақтан тұратын өлең жолымен өздерін таныстырды. Таныстыру барысында имамдар жеке профолиосын (жетістіктері мен осы күнге дейін алған алғыс хаттары тігілген папкасын) ұсынып, 15 беттен аспайтын таныстыру слайд шоуын көрсетті.


Имамның тапқырлығы

ІІ айналым «Бәйге» деп аталып, имамдардың тапқырлығы сыналды. 30 сұрақ қойылған бұл бәйгеде сұраққа ойлану мүмкіндігі берілмеді. Қолындағы жұлдызшаны алғашқы болып көтерген сайыскер жауап беру арқылы дұрыс жауапқа 10 баллдан иемденіп, ең төмен балл жинаған 2 қатысушы сайыстан шығарылды.

Жеті жарғының жаңа үлгісі

ІІІ байқауда сайыскерге Құран  ілімдері, ақида, фиқһ, ислам тарихы, ҚР-ның заңнамасы, имамның тұлғалық келбеті, Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасынан арнайы 28 сұрақ қойылып, сайыскер таңдаған ұяшыққа сай 10-40 балл аралығында беріліп отырды. Айта кететіні ұяшықтарда арнайы мамандардың жанды сұрақтары да кездесті.


Тығырықтан шығар жол

ІV айналым шарты қатысушыларға күнделікті өмірде,  жамағат арасында тұрмыс-тіршілікте кезігетін жағдаяттар қатарындағы мәселелердің шешімін табу тапсырылды. Үздік болған 2 ойыншы соңғы айналымға шықты.

Имамның шешендігі мен даналығы

Соңғы айналым «Имам мінбері» деп аталып, қатысушылар тақырып  жасырылған билеттерді суырып, 3 минут дайындықтан соң 10 минуттан аспайтын тақырыпқа сай, даналыққа толы уағыз айтып, үздік сайыскер анықталды.

 Сайыс нәтижесінде Алатау ауданының намысын қорғаған, «Әскер ата» мешітінің наиб имамы Әбілахат Ырысәлі Астана қаласында өтетін ақтық сынға Алматы қаласының атынан қатысу үшін Бас имам Нұрбек қажы Ауесханұлының қолынан жолдама алды.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру