Еліміздегі кейбір жастарымыздың діни наным-сенімге деген еркіндікті өз мәнінде түсінбей, адасқан ағымдардың ықпалына түсіп қалуы жиі кездесетін қазіргі қоғамда дәстүрлі Ислам жолындағы діни қызметкерлердің біліктілігін арттыру кезек күттірмейтін мәселе болып отыр. Осы орайда, Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасы бастамасымен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдіктің қолдауымен имамдар мен теолог мамандардың біліктілігін арттыру семинары ұйымдастырылды.
3 күндік семинарда «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор Жуда Басюни, PhD докторы Мухаммад Аминн Али «Ақида» және «Мирас» бойынша дәріс берді.
Семинарға қатысқан барлық имамдар мен теологтарға сертификаттар табыс етілді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.05.2017
3498
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру