Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Қасиетті Рамазан айына байланысты баспасөз мәслихаты өтті (ФОТО)

23.05.2017 3416 0 пікір

ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат қаламыздағы БАҚ өкілдерін, күллі мұсылман қауымы айрықша құрмет тұтатын айлардың сұлтаны шапағаты зор Рамазан айымен құттықтады.

Ораза ұстау - ислам дініміздегі бес парыздың бірі. Қасиетті Рамазан айы - мұсылман адам рухани жан дүниесін тазартып тәубаға келетін ай. Ораза ұстау да адамның атойлаған нәпсісін тежейтін, Жаратушы мен адам баласының арасындағы сыр. ҚМДБ-ның төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің қасиетті Рамазан айына байланысты ел мұсылмандарына үндеуімен, құттықтауы оқылып таныстырылды. Қасиетті Рамазан - істеген амалдарымызға еселеніп сауаптар жазылатын берекелі ай. Бұл айда мейлінше қайырымдылық шаралары көбірек ұйымдастырылатына өкіл имам ерекше тоқталды. Өкіл имам өз сөзінде: «Биылғы жылы Рамазан айы 29 күнге созылады. Ораза ұстаған зиялы қауым өкілдеріне, қарттарға, БАҚ өкілдеріне мешіт жамағаттарына ауыз ашар ұйымдастырылады. Биылғы ҚМДБ-ның төралқа мәжілісінде пітір садақасының құны 300 теңге болып белгіленгенін, ораза ұстаудың тәртібі туралы кестесінің үлгісімен таныстырды. Жиылған БАҚ өкілдеріне қасиетті Рамазан тәрбие айы екенін ескертіп, оларды ораза ұстауға шақырды.

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру