
Өткен аптада «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіті мен Ақтөбе қалалық орталық мешітіндегі ерлер мен әйелдерге арналған діни сауат ашу курстарының жұмысы қорытындыланды.
Тоғыз ай бойына мешіт ұстаздарынан тәлім алып, араб әліпбиін үйренген, Құранды төл нұсқасынан оқу нығметі нәсіп болған шәкірттер осы аралықта алған білімдерін таразылап, курсты тәмамдады. Сынаққа барлығы 30 ер және 53 әйел шәкірт қатысты. Оларға «Иман шарты» және «Ислам ғылымхалы» пәндерінің әрқайсысынан 50 сұрақтан тұратын тестік тапсырма беріліп, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан есептелінді.
Сынақ нәтижесінде тапсырманы шегіне жеткізе орындап, сұрақтардың басым көпшілігіне дұрыс жауап берген барлығы 45 шәкіртке тоғыз айлық курсқа қатысқандығын растайтын Сертификаттар табысталып, құны алтыннан да, қазынадан да қымбат құнды сыйлық – кітаптар берілді. Сондай-ақ, курстың оқу бағдарламасын толықтай меңгермесе де, білім ізденуде белсенділік танытқандар Мадақтамалармен марапатталды.
Шәкірт тәрбиелеу ісінде жалықпай тәлімдік еткен мешіт ұстаздары - Кенжегүл Қошқарова, Диляром Бектаева және Бақыт Жүгінісоваларға да өкіл имам Төлеби Оспанның атынан арнайы Мадақтамалар берілді. Дегенмен, шәкіртінің жеңісін өз жеңісі деп біліп, марапатына марқайған ұстаздар үшін ең үлкен марапат – үйреткен тәлімінің зая кетпей, шәкірт санасына сіңгені, еңбектің бағаланғаны.
Ерлер арасында өткен сынақтың соңы тамаша отырысқа ұласты. Мешітте шәкірттерге арналып дастархан жайылып, ас берілді. Әртүрлі тақырыпта тұшымды уағыз-насихаттар айтылып, шәкірттер сынақ барысында қиынға соққан сауалдарын ұстаздармен бірге пысықтап, білмек үстіне біле түсті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің
баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.05.2017
3842
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру