
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы өзінің Үндеуінде кәсіпкер азаматтарды қасиетті Рамазан айында жағдайы төмен жанұяларға барынша қайырымдылық шарасын жасауға шақырған еді. Елбасымыз да жақында еліміздегі бай-дәулетті азаматтардың мұқтаж жандарға қарайласып, жəрдемдесу керектігін айтқан. Мемлекет басшысының бұл ізгі бастамасына үн қосып, сауапты істерге ат салысу баршамыздың азаматтық борышымыз деп есептейміз.
Жақында ғана Талдықорған өңірі Алакөл ауданына сонау Қызылордадан күріш артқан қайырымдылық керуені келді. Жоғары сапалы күріштен ең бірінші болып Жыланды, Лепсі ауылдарының мұқтаж жанұяларына таратылса, бүгін аудандық орталық мешітте Үшарал қаласы мен аудандағы жиырма төрт ауылдық округінен келген жалғыз басты, көп балалы, аз қамтылған 100 жанұяға 1 тонна күріш таратылып, қайырымдылық шарасы жасалды. Қайырымдылық шарасы Рамазан айы бойы жалғасын таппақ. Келе жатқан берекелі де мерекелі Рамазан айы баршамызға мүбарак болғай! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ағайын!
Талдықорған өңірі баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.05.2017
3504
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру