Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Рамазан айы туралы: «Рамазан келгенде Жәннат есіктері ашылып, Тозақ есіктері жабылады, шайтандар кісенделеді», сондай-ақ, «Шынында, Жәннатта бір қақпа бар, ол - «Раййан» деп аталады. Ол есіктен тек ораза ұстаушылар ғана кіреді», - деген.
Осы қасиетті Рамазан айының келуіне орай, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы баспасөз мәслихатын өткізді. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қатысқан баспасөз мәслихатында Рамазан айында атқарылар шаралар, жоспарлар мен қасиетті айды жоғары дәрежеде өткізу жолдары айтылды.
Бас имам Т.Омаровөз сөзінде: «Биылғы жылы Рамазан айы 29 күнге созылады. Осы қасиетті айда бірқатар қайырымдылық іс-шаралар өткізілетін болады. Рамазан айының алғашқы күнінде халық көп шоғырланатын жерлерде арнайы баннерлер ілінген тегін такси қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, 28 мамыр күні аймақ өнерпаздарымен бірге Жарапазан айтылып, құрма тегін таратылады. Мұнан өзге кәсіпкерлер мен мешіт жамағаттарын тарту арқылы аймақтағы 700 тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетіледі» - деп атап өтті.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.05.2017
3165
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру