Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павллодар: «Ұлт алыптары – ұрпақ жадында» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті (ФОТО)

22.05.2017 3909 0 пікір

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде Павлодар «Әйелдер-қыздар» секторының аға ұстазы Қарлығаш Қажымәлікқызының ұйымдастыруымен «Ұлт алыптары ұрпақ жадында» атты мәнерлеп оқудан байқау өткізілді.

Ұлт зиялыларының дін тақырыбында жазған өлеңдерін дәріптеуге арналған сайысқа діни сауат ашу курсының 12 тыңдаушысы қатысты.

Қарлығаш Қажымәлікқызының айтуынша, байқау Діни басқарма жариялаған «Дін және тарих тағылымы» жылы аясында өткізіліп отыр. Осыған орай, шәкірт қыздар 19-20 ғасырда жазылған қазақ ақындырының өлеңдерін оқып, туындыларда ұлттымыздың салт-дәстүрі мен Ислам дінінің сабақтастығын түсіндірді.

Әділ қазылар құрамында филология кандидаты, доцент Әділбек Әміренов және абайтанушы Дәниял Әсеновтер сынға түскен шығармашыл жастардың өнерін бағалап, дінді терең түсінетін жастар арасынан шын талант иелерін іріктеп алды.

Байқаудың бірінші айналымында шәкірттер 19-20 ғасырдың ақындарының діни өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Екінші турда билеттерде қойылған сұрақтарға жауап беріп, ақындардың діни өлеңдеріне талдау жасады.

Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды Шәкәрім Құдайбердыұлының «Ей, жастар, қалай дейсің бұл дүние?» және т.б. шығармаларын шебер оқып, ерекше көзге түскен Данахан Әлімхан иеленді. Екінші орында Мәшһүр Жүсіп бабамыздың «Ол – Алла жисм, жауһар, ғариз емес» атты шығармасын оқыған Талшын Өміржанова. Үшінші орында –көрермен назарына Міржақып Дулатұлының «Мәсжід медресе хақында» өлеңін ұсынған Балнұр Зұлпыбек.

Байқауды қорытындылай келе, қатысушылардың білімін бағалап отырған ғалымдар іс-шараның маңыздылығын айта келе, осылайша Ислам дінін ұстанған қазақ халқының ұлы тұлғаларының шығармаларын кеңінен насихаттау керектігін айты. Өйткені Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп және т.б. діни ағартушыларымыздың шығармаларында ата-бабаларымыз Құран мен сүннетке бекем болып, оларды ұлттық дәстүріне айналдыра білгені анық көрсетілген. Осынау асыл байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз.

Орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру