Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Мүмкіндігі шектеулі жандарға 15 мүгедек арбасы таратылды (ФОТО)

20.05.2017 3394 0 пікір

Қасиетті шағбан айында Алматы қаласы, «Мырзахмет» мешітінің ұйымдастыруымен «Мұқтаждың мұңын бөліс!» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті. Шара барысында мүмкіндігі шектеулі, өздігінен жүре алмайтын сал адамдарға қайырымды жандардың демеушілігімен 15 мүгедек арбасы таратылды. Шараға Алатау ауданы «Бекет ата» мешітінің іс-басқарушысы Ғалым Молдабай және Қарасу елдімекенінің әкімі Мұрат ағамыз және ауыл ақсақалдары қатысты. Шара соңында дастархан жайылып, естелік сыйлықтар табыс етілді. Өз кезегінде көмек көрген жандар мешітке және жанашырлық танытқан демеушілерге алғыстарын білдірді.

 

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру