
Биылғы қардың еруінен болған су тасқынынан Атбасар ауданының елді мекендері көп зардап шекті. Қаншама адам үй-жайынан айрылып, төтеннен келген апаттан тығырыққа тірелді.
Жақында «Науан хазірет» және Атбасар аудандық мешіттерінің ұйымдастырумен арнайы қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Аудандық мешіт алдында осындай жапа шегуші адамдарға, атап айтсақ, барлығы 141 отбасына 30 тонна азық-түлік таратылды. Оған қоса, киім-кешек пен төсек орын жаймалары да үлестірілді.
Қайырымдылық шарасы кезінде аудандық мешіттің Бас имамы Ақылбек Чопабеков пен «Науан хазірет» мешітінің іс жүргізушісі Жүнісбек Әленов жиналған халыққа тағылымды уағыз айтты.
Бақыт Смағұл.
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.05.2017
3375
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру