
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығына сәйкес:
Колледждерде білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу:
1) Білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау;
2) Кәсіби даярлығының деңгейін бағалауды және біліктілікті беруді қамтиды.
Сондықтан да «Республикалық біліктілікті растау және тәуелсіз бағалау коммисиясы» 2015-2016 оқу жылында алғаш рет «Исламтану» мамандығы бойынша 26 түлектің кәсіби даярлығының деңгейін тексерді. «Үшқоңыр» медресе-колледжін бітірген түлектеріміз Республикалық біліктілікті растау және тәуелсіз бағалау тестіне 100 пайыз қатысып, орташа 96 балл алған еді.
Осы орайда үстіміздегі 2016-2017 оқу жылында бітіргелі тұрған 18 түлек, 14-16 мамыр 2017 жылы «Республикалық біліктілікті растау және тәуелсіз бағалау» тестіне 100 пайыз қатысып, орташа 98 балл алды. Бұл колледж ұстаздарының бәсекеге барынша қабілетті мамандар дайындап отырғандығының басты көрсеткіші болып табылады.
Колледж директоры:
Амиров Абзал Майлыбайұлы
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.05.2017
4403
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру