Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайлық имамдарға Рамазан айы қарсаңында семинар өтті (ФОТО)

17.05.2017 3268 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі Рамазан айы қарсаңында қалалар мен аудандардың Бас имамдарына семинар өткізді.

Басты күн тәртібіндегі мәселе алдағы ораза айына дайындықты пысықтау және Рамазан айындағы өткізілетін шаралардың жоспарын талқылау.

Осыған орай, облыс көлеміндегі қалалар мен аудандардың Бас имамдарына және елді мекендегі намазханалардың молдаларына қайырымдылық жасау, ауызашарлар беру, тегін қоғамдық қызмет шараларын ұйымдастыру тапсырылды.

Сонымен қатар, көпшілік қоғамдық орындарға, көшелерге, мешіт аулаларына, автобустарға, сауда және мәдени орындарда «Ораза қабыл болсын!» «Рамазан айы құтты болсын!» деген атаумен бірегей баннерлер, плакаттар ілуді, халықтың оразаға деген ниетін оятып, ықыласын арттыратын кітапшалар, бүктемелер (буклет), парақшалар (брошюра), ораза кестелері, оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақ-жауап кітапшалары, т.б. таратуды қолға алу керектігі айтылды.

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру