
Қазақ елінен 1941-1945 жылдарындағы ұлы отан соғысына бір миллионнан астам жауынгерлер қан майданға аттанды. Жаратушы Алланың қалауымен, үш жүз елу мыңнан астам адам елімізге соғыстан оралмады.
Ұлы Отан соғыс жеңісінің 72 жылдығына орай, Алматы өңірі, Қапшағай және Қаскелен қалаларында Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер және тыл еңбеккерлеріне арналған «Мың тағзым саған, майдангер!» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Бұл жиынға Алматы өңірі бойынша өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы қатысып, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің атынан соғыс ардагерлерін ұлы жеңіс мейрамымен құттықтап, «Отанды сүю - иманнан» атты тақырыпта уағыз-насихат айтты. Жиын барысында майдангерлерге құрмет көрсеттіліп, иықтарына шапан жабылып, әрбір ардагерге қайырымдылық көмек жасалды. Іс-шара соңында сұрапыл соғыстан отбасыларына оралмаған, Отаны үшін шейіт болған марқұмдардың рухына Құран аяттары бағышталып, дұға жасалынды.
Алматы өңірінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.05.2017
3763
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру